A place where you need to follow for what happening in world cup

Жастарды арандатушылық әрекеттерге ермеуге шақырамын — Ақжүрек Таңатаров

197

Белгілі спортшы, Лондон Олимпиадасының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Қордай ауданы тұрғындарын арандату әрекеттеріне ермеуге шақырды.

«Жалпы, біздің халқымыз қонақжай, баршамыздың бойымызда кеңшілікті, бауырмалдықты ту етіп ұстанатын мінезіміз бар. Қордай ауданының да тұрғындарын жақсы білемін, мұндайда жанжалға бара бермейтін адамдар. Өкінішке қарай, келеңсіз оқиға орын алыпты. «Жаман ұлт жоқ, жаман адамдар бар» дейді ғой, сол себепті сабырсыздық танытқан бір-екі адам үшін мұндай қайғылы жағдайға жол берілді. Осы орайда халқымызды, облыстың әрі ауданның тұрғындарын сабырлыққа шақырамын. Осындай дау-дамайға кіргізген адамдар өзінің жазасын алады деп ойлаймын. Президент тапсырмасы бойынша Үкімет комиссиясы құрылды ғой. Енді бұл бағытта тәртіпке салып, кім қандай жазаға тартылатынын құзыретті органдар өзінің бағасын береді деп ойлаймын», — деді А. Таңатаров.

Бұл тұрғыда спортшы өңір жастарын арандатушылық әрекеттерге ермеуге шақырды.

«Кез келген бүлікті тоқтатуда ақсақалдарымыздың айтқан салмақты сөзі дұрыс болады деп ойлаймын. Біз үлкенге құрмет көрсетіп келе жатқан халықпыз ғой. Сол себепті ақсақалдарымыз шығып, сабырға шақырса, тиісті нәтиже болады деп пайымдаймын», — деді Ақжүрек Таңатаров.

Inform.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.