A place where you need to follow for what happening in world cup

Жас мамандардың кәсіби жетілуіне жол ашық

230

Асылан Әскеров — қазіргі таңда жас маман, өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/1 мекемесінде қызмет атқарады. Тәлімгері — тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі әділет аға лейтенанты Нұрзат Усеров.

Жас маманның одан әрі білімін жетілдіру жоспарында бар. Нұрзат мекеменің басшы құрамының жұмысты жүйелі ұйымдастыруының нәтижесінде жастардың жігерленіп, жаңа ортада өз қабілеттерін көрсетуге бар күшін салып жүргендігін айтады.

— Қызмет барысында біздер мақсат қою, жұмысты ұйымдастыра білу сияқты өзімізге қажетті дүниелерді үйренудеміз. Тәлімгерім Нұрзат Усеров бұл салада талай жыл тер төккен тәжірибелі қызметкер. Ол маған жұмыста кездесетін әртүрлі қиындықтарды еңсеруге унемі көмектесіп, ақыл-кеңесін айтады, — дейді жас маман.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.