A place where you need to follow for what happening in world cup

Жас мамандар тағылымдамада тәжірибе жинауда

403

Құқық қорғау орган қызметкерлерінін қиын да қызықты қызметін абыроймен атқара білуі үлкен жауапкершілікті талап ететіні сөзсіз. Иә, темірдей тәртіпті сақтап, ел тыныштығын сақтау жолында аянбай еңбек етуде Қылмыстық- атқару жүйесі қызметкерлеріне жүктелер жауапкершілік жүгін арқалау да оңай емес. Ол үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Ұстамды болуы, адамдармен араласа білуі, сыпайы болуы да аса маңызды.

Бүгінде осындай қасиеттерді өн бойынан кездестіретін жас қызметкерлер де аз емес. Осы ретте Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесіне медициналық бөлімінің СЭС дәрігері лауазымына тағылымдамадан өтуші ретінде Хасен Жазира Қайратқызы келген. Тәлімгері – әділет капитаны, медицина бөлімінің бастығы Г. Медетбекова. Сонымен қатар, режим бөлімінің тексеру тобының бақылаушысы лауазымына Ақжол Дарын Азаматұлы жолданған. Тәлімгері – режим бөлімінің аға жедел уәкілі, әділет капитаны С. Байтуганов.

Бүгінгі таңда жас мамандар тәжірибесін толыстырып, білімі мен біліктілігін арттыруда. Алдағы уақытта олардың өз ісінің нағыз шеберлері болатынына сөз жоқ.

Гүлжан Ибраимова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінің

аға инспектор-психологы, әділет капитаны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.