A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысында бала туу тіркеуі 9 724 жетті

13 530

Биылғы сегіз айда Жамбыл облысында бала тууын тіркеу бойынша 9 724 және оның күтіміне жәрдемақы тағайындау бойынша 14 381 қызмет көрсетілді.

Көрсетілген сандарды салыстыратын болсақ, өткен жылы осы уақыт аралығында бала тууын тіркеу бойынша 12 944 құжат және жәрдемақы бойынша 16 609 өтінім қабылданған. Өңірдің стационарлы ХҚО-сында қызметтерді алу қажеттілігі 30 пайызға азайды, 2022 жылы онлайн өтінімдер саны 24 979 болды.

Көрсетілген қызметтер санының азаюы елдегі онлайн сервистің ілгері дамуымен тікелей байланысты.

Еске саламыз, енді ХҚО-ға барып, уақыт құртпаса да болады. Еgov.kz, egov mobile, Кaspi және Нomebank қосымшалары, сондай-ақ 1414 арқылы проактивті түрде өзіңізге қажетті қызметке тапсырыс беруге болады. #Азаматтарғаарналғанүкімет #ХҚО

Енді мемлекеттік қызметтерді SMS арқылы алуға болады. Әзірге қолжетімді қызметтер саны – 45, алда бұл көрсеткіш арта түседі. Жаңа сервис әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, еңбек мигранттарына рұқсат құжаттарын беру, мектепке дейінгі ұйымдар және азаматтық хал актілерін рәсімдеу желілерін қамтиды.
Бұл жүйенің арқасында клиенттердің уақыты үнемделеді, сонымен қатар қызмет көрсету жылдамдығы едәуір артатын болады.

Жаңа сервис бойынша қолжетімді мемлекеттік қызметтер тізімімен Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында толық танысуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы клиентттер тарапынан жиі қойылатын сұрақтар жауабын жариялауды жалғастырады.

Күн сайын байланыс орталығының қызметкерлері 1414 желісіне келіп түскен мыңдаған өтінішке жауап береді. Айта кетейік, жылжымайтын мүлік мәселесі әліге дейін сұранысын жоғалтпады. 40 мың өтініштің 200-ден астамы жылжымайтын мүлік мәселесі, құқықты тіркеу, техникалық паспортты дайындау және қызметті алу құны бойынша топтасты.

Біз клиенттерге осы және басқа да жиі қойылатын сұрақтың жауабын ыңғайлы форматта ұсынып отырмыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Елемес Шалхар Дарханулы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.