A place where you need to follow for what happening in world cup

Жұлдыз Әбдукәрімова балаларын неге әкесінің туған күніне жібермегенін түсіндірді

15 944

«Әлемде соғыс болып жатса да, көпшілікті Қайраттың жеке өмірі алаңдатады!» Жұлдыз Әбдукәрімова елді мазалаған сауалға жауап берді. Ол неліктен балаларын Мальдив аралдарына әкесінің туған күніне жібермегенін айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайрат Нұртас туған күнін дүркіретіп тойлап жатқанда, оның жары Жұлдыз Украинадағы жағдайға алаңдаулы. Актриса ешбір елде соғыс болмауын тілеп, пост жазды. Десе де, көпшілік оны жеке өміріне қатысты сұрақтың астына алды. Бұған қынжылған Жұлдыз:

«Әлемде болып жатқан соңғы жағдайға байланысты пост жазсам, соғыс боп жатса да, халықты демеймін, «басым көпшілікті» мына сұрақ алаңдатады екен», — деді.

Оқырмандардың бірі Қайраттың жабырқап жүргенін айтып, балаларын әкесіне жібермеген актрисаны кінәлаған.

«Қайрат аға мен балаларын неге кездестірмедіңіз? Туған күнінде жабырқап отыр. Ол кісі не істесе де, әкелері ғой. Дұрыс болмады, сізді ақылды әйел деп ойлап жүрсем, қателесіппін», — деген оқырман. Оған Әбдукәрімова:

«Ақылды әйел» деп ойлап жүрген ойыңызды «қателестіргенім» үшін кешіріңіз. Балаларды сабақтың үстінен жұлып алып, «Сендер екі күннен кейін қаласаңдар да, қаламасаңдар да ұшасыңдар» демегенім үшін кешіріңіз. Олардың оқуы мен қалауын таңдағаным үшін кешіріңіз. «Не істейік» деп сізбен ақылдаспағаным үшін кешіріңіз. Тағы кешірім сұрайтын не қалды өзі?» — деп жауап берді.

 

Актриса бір елдің тағдырын шетке ысырып, бір отбасының «ыдыс-аяғын» әңгіме қылғандарға ренішін жеткізді.

«Дәл осындай деңгейдегі аналар ертеңгі елге қызмет ететін ұрпақты тәрбиелеп жатыр. Ірі мен ұсақты ажырата алмаймыз.
Алло, кеше өз еліміз, бүгін өзге ел халқы зұлматтың құрбаны боп жатыр!» — деді Жұлдыз.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас Мальдив аралдарына балаларын алып баруды қалаған. Тек «қанша тырыссам да, бұйырмады» деген әнші бұған дейін әсерлі видео жариялаған еді. Онда Қайрат балаларының ән айтқан сәтін көзіне жас ала отырып тамашалауда. 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.