A place where you need to follow for what happening in world cup

Тілдің қолданылу аясы түсіндірілді

45

Жуырда Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының мамандары облыс әкімі Б.Сапарбаев бекіткен желілік кестеге сәйкес өз жұмыстарын біздің ауданда жалғастырды.

Шарада бірлік пен татулық кепілі – мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығы, оны меңгеру жолдары, қолдану аясын кеңейту мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, желілік кестеге сәйкес ауыл тұрғындарына тілдік ортаны қалыптастыру, TedX форматында қазақ тілінде тілдесу арқылы ойын еркін жеткізе білуге жағдай жасау мақсатында Шу қаласынан «Soile» клубы ашылды.

Аталған іс-шара «Отбасында қазақ тілін бірге үйренейік!» сөздігінің таныстырылымына ұласты. Сөздікте үйде отбасы мүшелерімен әңгімелесуде, қызмет көрсету орындарында, қоғамдық көлікте жиі қолданылатын қарапайым сөздер мен сөйлемдер жеңіл түрде қазақ және орыс тілде жазылған. Отбасында қолдануға ыңғайлы. Әр отбасыға сөздікпен бірге мемлекеттік тілді үйренудің әртүрлі тиімді платформалары туралы ақпараттық парақшалар таратылды.

Шара әрі қарай Қонаев, Бірлік, Жаңа жол ауылдық округтерінде және Белбасар ауылдарында жалғасын тапты.

Н.Жарылқапова,

«Тілдерді оқыту орталығы» Шу аудандық бөлімшесінің меңгерушісі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.