A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда агрохимиялық форум өтуде

296

Ақпан айының 26, 27 және 28 күндеріне жоспарланған халықаралық форумның қонақтары мен қатысушылары Тараз қаласына кеше келіп қойғанымен ірі жобаның негізгі шаралары бүгін басталды. «Arai plaza» бизнес-орталығында өтіп жатқан дәстүрлі форумда отандық тауар өндірушілер мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты тұлғалары, Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Литва елдері ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері бас қосып, ауыл шаруашылығына аса қажет минералды тыңайтқыштарды пайдалану жолдарын талқыламақ.

Форумды өткізу жөнінде аймақтағы минералды тыңайтқыштардың ірі өндірушісі саналатын «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсыныс білдіріп, бастама көтеріп отыр.
Іс-шараға ТМД елдерінің агрохимиялық нарығының жетекші компанияларының бірінші басшылары, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, сондай-ақ Орталық Азия аймағы мен ТМД агрономия ғылымының еңбек сіңірген қызметкерлері де қатысады деп күтілуде.
Ал жоба ұйымдастырушыларының мақсаты – Азияның агрохимиялық өндірушілерінің алаңын құру, саланың маңызды мәселелерін талқылау, агроөнеркәсіптік және агрохимиялық бизнесті жүргізудің алдыңғы қатарлы әдістерін кеңінен насихаттау, пікірталастар, іскерлік келіссөздер және көшбасшылық байланыс орнату.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.