A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда 67 көшедегі электр желілері қалпына келтірілді

204

Тараз қаласында 17 қараша күні соққан дауыл салдарынан талдар құлап, электр желілеріне зақым келген болатын. Салдарына бірқатар аумақтар жарықсыз қалып, тұрғындарға ыңғайсыздық туындаған еді. Дер кезінде қолға алынған шаралар нәтижесінде бүгін электр қуатынан ажырап қалған үйлерге жарық қайта жеткізілді.

Атап айтқанда, 22 қарашаға дейін электр энергиясы бойынша жалпы 765 арыз-өтініш келіп түскен. Бүгінгі таңда 753 арыз-өтініш орындалды. Бұл мақсатта бүгін 29 бригада жұмылдырылды. 67 көшедегі электр желілері қалпына келтірілді. 22 қараша күні халықтан 97 арыз шағым түскен. Қазіргі уақытта жұмыстар жалғасуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.