A place where you need to follow for what happening in world cup

Т.Рысқұлов ауданының тұрғындары сайлауда белсенділік танытуда

710

Қазақстанда парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауына дауыс беру басталды. Бүгін, 10 қаңтарда таңертеңгі сағат 7-де елдегі барлық сайлау учаскелері ашылды.
Бұл жолғы сайлау нақанында аудан тұрғындары дауыс беруде ерекше белсенділік танытуды.
Атап айтқанда, ауданымыздың ең қарт тұрғындарының бірі, ауданымыздың Құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардегері, 97 жастағы Шаңбаев Шалданбай, ҚР Президентінің Алғыс хатының және Облыс, аудан әкімдерінің облыстық, аудандық мәслихаттардың Құрмет Грамоталарының иесі, ҚХА-ның Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Өтегенов Серікбай Асанханұлы және Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, Ауданымыздың Құрметті ардагері және тыл ардегері, 91 жастағы Іңкәрбекова Мырзакүл апамыз, Орыс этномәдени орталығының және «Сударушка» халықтық ансамблінің жетекшісі Левицкая Любовь Павловна, Кутяков Александр, Наталья Огурцова Александровна алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ауданымздың жастарынан Жамбулат Гүлсана, Ниетқұл Нұртаған, Арысбек Іңкәр бірінші рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.

Бұл жолғы кезекті парламент сайлауы күллі әлемді әбігерге салған коронавирус пандемиясы кезінде өтіп отыр. Сондықтан, Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық санитарлық талаптар қатаң сақталуда. Бүгінде, ауданымызда 35 сайлау учаскесі халыққа қызмет көрсетуде.

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.