A place where you need to follow for what happening in world cup

Шудан шыққан танкист

197

Менің атам Ақшабаев Досберген 1919 жылы, Шу ауданы Белбасар ауылында дүниеге келген. 1925 жылы мектеп табалдырығына аяқ басқан. Мектепті бітіргеннен кейін, 1937 жылдан бастап комбайыншы болып жұмыс жасаған. 1939 жылы əскерге барып, 1941 жылы екінші дүниежүзілік соғысқа аттанды. Сталинградттық майданда украиндық фронтта танкист болып, Польшаға дейін соғысқан. 1944 жылы сол шайқаста аяғынан жарақат алып, Ташкентке госпитальға жатқызылды. Соғыс аяқталғаннан кейiн Қызыл жұлдыз, гвардия медалымен жəне Даңқ ордендендерімен марапатталды. 1948 жылы отау құрып, 3 ұл, 3 қыз бала сүйді. 1955 жылы аудандық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасады. 1986 жылы 21 маусымда қатты ауырып дүниеден озды. Мен атамды мақтан тұтам.

Нұржан Досбергенов,

Төле би ауылының жастар ісі жөніндегі инспекторы, 

Шу ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.