A place where you need to follow for what happening in world cup

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

158

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, сонымен қатар, Жамбыл облысының аумағында бірқатар шектеулер енгізілуіне байланысты коронавирус ауруының алдын алу үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізу, баға тұрақтылығы және оны негізсіз өсірмеуді және атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға жаңа форматты түсіндіру, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімі Нарбай Ергебековтың тапсырмасымен жұмысшы топ құрылған болатын. Кеше ғана аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Уркумбаев жетекшілік ететін екінші жұмысшы топтың құрамы Нұрлыкент ауылында болып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Топ құрамы алдымен Нұрлыкент ауылдық дәрігерлік амбулаториясына барды. Денсаулық сақтау нысанында болғанда топ жетекшісі Әбдікерім Уркумбаев коронавирусқа байланысты Қазақстан аумағында, сонымен бірге, Жамбыл облысы мен Жуалы ауданының аумағында қабылданған шешімдер мен шектеулер туралы кеңінен айтып берді. Одан бөлек, мекемеде қауіпті індеттің алдын алуға бағытталып, жүзеге асырылып жатқан шаралардың барысымен таныстырды.

-Өздеріңіз жақсы білетіндей, қазір әлем елдері коронавирус инфекциясымен күресуде. Біздің елде де бірқатар шектеу шаралары мықтап қолға алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ел аумағында бір ай көлемінде төтенше жағдай жарияланғанынан да хабардарсыздар. Ең алдымен халықтың, тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Әсіресе, адамдар көп жиналатын, күнделікті келетін қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтаңыздар. Қорыта айтқанда, шектеу шараларына түсіністік танытып, белгіленген тәртіпті сақтауларыңыз қажет. Тағы бір айтарым, денсаулық сақтау мекемесіне қызмет алуға келетін тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын барынша жүргізіңіздер,- деді Әбдікерім Құлтайұлы.

Сонымен қатар мобильдік топтың мүшелері Нұрлыкент аулының бірқатар көшелерін аралап, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Нартаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Нарымбеков өз салалары бойынша айтып берді. Аудан әкімінің бас инспекторы Дулат Абдрамбаев ауыл тұрғындарына хабарлама таратты.

Нұржан МАНАСҰЛЫ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.