A place where you need to follow for what happening in world cup

Тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруды көздейді

8

Мемлекетімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғырулармен қатар, еліміздің саяси өмірінде де оң өзгерістер бой көрсетіп, жаңа технологиялар мен тәсілдер айналымға енуде. Солардың бірі, батыс елдерінің сайлау тәжірбиесінде жүйелі түрде қолданылып келе жатқан партиялық праймериз ұғымы.
Басқарушы партияның ішінде өтіп жатқан аталмыш аламанға қоғамдық құрылымға оң өгерістер енгізуді көздеген, нақты ұстанымдары бар, межелі мақсаттар мен өзіндік пікірлері қалыптасқан жүздеген белсенді нұротандықтар қатысуда. Партия атынан депутаттыққа үміткерлер осы уақытқа дейін өздерін ғана емес, жалпы бұқараны толғандыратын мәселелер көтерілген, ел болашағын жарқын етуге септігін тигізер табанды ұсыныстар айтылған сайлауалды бағдарламаларын ұсынып үлгерді. Халықтың әл-ауқатын арттыру жайы қозғалған бағдарламасын ұсынғандардың бірі — ұзақ жылдар бойы энергетика саласында табан аудармай қызмет етіп келе жатқан Бахытхан Алимханов.
Бахытхан Әуесханұлы 1970 жылдың 12 қыркүйегінде Шымкент қаласында дүниеге келген. Кәсіптік-техникалық училищені аяқтап, Кеңес әскері қатарында борышын өтеген ол еңбек жолын қатардағы монтёр ретінде бастаған.«Электр қуатын есептеуді бақылаудың автоматты жүйесінің инженері» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Еңбекқорлығы мен жұмысына адалдығының арқасына қызметінде сатылай өсіп, басшылық дәрежеге дейін көтерілген. Нәтижесінде, Сарысу және Жуалы аудандарында өндірісте жұмыс істеген. Тараз қалалық электр желілерінде де еңбек тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта «Жамбыл Жарық Сауда-2020» ЖШС бас директорының орынбасары қызметін атқаруда. Үйленген, 4 бала, 3 немере тәрбиелеп отырған үлгілі азамат.
Бахытхан Әуесханұлы партия праймеризіне қатысу арқылы тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруды көздейді. Өйткені ол тұрмыс сапасын жоғарылату арқылы жалпы қоғамның өркендеп, өсуіне жол ашуға болатынына сенімді.
— Еңбек жолымда ұзақ жылдар бойын жиған тәжірибемді пайдалана отырып, тараздықтардың әл-ауқатын арттыру бағытында нақты проблемалар мен сұрақтардың шешімін табумен айналысуды жоспарлап отырмын, — дейді үміткердің өзі.
Бағдарламасының аясында Б.Алимханов келесі мәселелердің шешімін табуға септігін тигізбек:
• Әлі күнге дейін сапалы инфрақұрылым тартылмаған тұрғын алқаптары мен қалаіші аудандарының басындағы жайтқа шаһар басшылығы мен қоғам өкілдерінің назарын аудару, бюджеттен аталған машсатқа қаржы бөлуге қол жеткізу;
• Жер үйлер орналасқан аудандар мен мөлтек аудандар орналасқан көшелер мен кварталдарды жарықтандыру бағдарламасын барынша кеңейту. Жарық тартылған қала —тұрғындардың қалыпты да қауіпсіз өмір сүруінің кепілі;
• Көпқабатты тұрғынүйлердің тіршілігін қамтамасыз ету жүйесіне қызмет көрсету және қалпына келтіру мақсатында Меншік иелері бірлестігі механизімін қалыптастыру, практикалық қолдану деңгейіне дейін жеткізу. Бұл азаматтардың заманауи талаптарға толықтай сай өмір сүруіне қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болмақ.
Аталған негізгі мақсаттарды алдына қойып отырған үміткер олардың орындалуына қол жеткізу арқылы тараздықтар тұрмысының түзеліп, тіктелуіне өзіндік септігін тигізбек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.