A place where you need to follow for what happening in world cup

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі талқыланды

163

Сарысу аудандық сотында «Құқықтық сауаттылық – сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Іс-шараға Сарысу аудандық сотының төрағасы Марат Үркімбаев, сот қызметкерлері, прокурор К.Койшыбаев, адвокат Н.Усербаев және аудандық ІІБ-нің тергеушісі Ә.Ермашев қатысты.

Сарысу аудандық сотының төрағасы Марат Бақтиярұлы сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор екенін айтты. Сонымен қатар, азаматтар өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарына толық тоқталып өтті. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністерінің деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылатындығын да айтты.

Жиын соңында сот төрағасы жиынға келгендердің сұрақтарына толықтай жауап беріп, басқосуға атсалысқандары үшін алғысын білдірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.