A place where you need to follow for what happening in world cup

«Суицид. Суицидтік әрекеттердің алдын-алу»

766

Қылмыстық-атқару жүйесі жағдайында өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлар сотталғандар мен тергеу-қамауға алынғандарда әлеуметтік мәртебенің кенеттен өзгеруіне және сотталғандар алғаш рет экстремалды жағдайлар ретінде қабылдаған әлеуметтік оқшаулануға, қоғамнан мәжбүрлі түрде шығуға, туыстарымен толыққанды байланыстың болмауына әкелуі мүмкін. Нақты мақсаттың болмауы, шектеулі көкжиек, жеке тұлғаны дамытқысы келмеу өмірден өзіндік «шаршауды» қалыптастырады.
Суицидтік мінез-құлыққа стресске төзімділіктің төмендігі, эмоционалды тұрақсыздық, максимализм, өзімшілдік ыкпал етеді; басқалардың іс-әрекеттеріне, пікірлеріне тәуелділік; жоспарларды құра алмау және жүзеге асыра алмау; қауіпсіздік, сенім, махаббат қажеттілігінің бұзылуы.
Суицидтік мінез-құлық әр түрлі: бұл суицидтік ойлар, ниеттер, мәлімдемелер, қоқан- лоққылар, әрекеттер.
Жеке тұлғаның суицидке қарсы факторлары қалыптаскан оң өмірлік көзқарастар, өмірлік ұстаным, адамның жеке факторларының кешені және психологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталғандардың өз-өзіне қол жұмсауына кедергі келтіруі мүмкін суицидтік ниеттерді жүзеге асыруға кедергі келтіретін эмоционалды тәжірибелер.
Оларга мыналар:
отбасы мен жақын адамдарға эмоционалдық байланысы, олармен қарым-катынастың маңыздылығы, оларға зиян келтіруден қорқу; — айқын борыш сезімі, міндеттілік;
-өз денсаулығының жай-күйіне назар аудару, өзіне физикалық зиян келтіруден қорқу; өлім мен суицид проблемасына байланысты діни және әлеуметтік табулар; суицидтің күнәсінен қорқу;
-Қоғамдық пікірді ескеру және айналадағылар тарапынан соттауға жол бермеу, өз-өзіне қол жұмсаудың ұяттығы және суицидтік мінез-құлық үлгілерін қабылдамау (айыптау) туралы пікір;
-өмірлік маңызды құндылықтардың, мақсаттардың болуы, өмірге деген қызығушылықтың көрінісі:
-өмірдің пайдаланылмаған мүмкіндіктері туралы сендіру, жақын болашақ пен өмір болашағын жоспарлау;
-өмірлік, шығармашылық, отбасылық және басқа да жоспарлардың, ойлардың болуы;
— ойлаудың рухани, адамгершілік және эстетикалық өлшемдерінің болуы;
-психологиялық икемділік пен бейімделу, жағымсыз жеке тәжірибелерді өтеу, психикалық шиеленісті жеңілдету әдістерін колдану мүмкіндігі жатады.
Ағымдағы жылдың 06 қыркүйегінде ҚАЖ Департаментіне қарасты №67 мекемесіне М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі А.Абдрахманова және облыстық психикалық денсаулық орталығынан клиникалық психолог Ж.А.Халыков арнайы шақыртылып мекемеде ұсталатын тергеудегі және сотталған азаматтармен «Суицид. Суицидтік әрекеттердің алдын-алу» тақырыбында дәріс оқылып, суицидтің алдын-алу мақсатында түрі психопрофилактикалық тренингтер және жеке әңгіме сұхбат жүргізілді.

№67 мекемесінің
инспектор психологы әділет аға лейтенанты А.Е.Аташева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.