A place where you need to follow for what happening in world cup

Соттың карантиндегі жұмысы

179

Қазіргі уақытта COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай тоқтатылғанмен Республикамыздың кейбір облыстарында қатаңдатылған карантин режимі енгізілуде. Қазіргі уақытта Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот қызметкерлері және сотқа қатысушылардың денсаулығын сақтау мақсатында электронды құжат айналымының көбеюіне байланысты, кіріс кеңсесінің жұмысы қашықтықтан «Сот кабинеті», сервисі арқылы реттеліп, электронды түрде уақытылы жүзеге асыралуда. Сонымен қатар, сот өз қызметін онлайн режимде жалғастыруда. Сот әкімшілік істер мен материалдарды «WhatsАpp», «TrueConf» және т.б. мобильдік қосымшалардың көмегімен қашықтықтан қарауда.

Атап өту керек карантин уақыты кезінде салғырттық танытуға мүлдем болмайды. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын барлық азамат сантиарлық талаптарды қатаң сақтауы керек. Бұл тек жеке кәсіпкерлікпен айналысатын адамдарға ғана емес, әрбір азамат үшін де маңызды.

Азаматтардың тәртіпке бағынғаны өзіне де өзгеге де, пайдалы екенін түсініп жеке гигиена шараларын сақтауға, туыс, дос, отбасылық мерекелік іс – шараларды шектеп, бетперде мен арнайы қолғап киіп жүрсе коронавирустық инфекция жұқтырудан сақтанып, туғандары мен жақындары және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендетеді.

Тараз қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.