A place where you need to follow for what happening in world cup

СҚО әкімінің екі орынбасары қызметінен босатылды

168

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың екі орынбасары қызметтерінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және Үкiмет қаулысына сәйкес СҚО әкiмi орынбасарларының екi штаты қысқартылды. Ғани Сақтағанұлы Нығыметов және Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қазiргi уақытта облыс әкiмiнің 3 орынбасары бар.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.