A place where you need to follow for what happening in world cup

Ресейге тәуелділік: Қазақстанда интернет өшірілсе не істейміз?

409

Өз алдымызға Тәуелсіз елміз. Елдегі интернет желісіне жауап беретін «Қазақтелеком» деген компания бар. Сонда да Ресейде интернет өшірілсе, ол Қазақстанға әсер ете ме? Bugin.kz порталының тілшісі тарқатып айтатын болады.

Ресейде не үшін интернет өшейін деп жатыр?

Әлем елдері Ресей-Украина арасындағы соғысқа байланысты Ресей Федерациясына біршама санкциялар салып үлгерді. Олар бұл соғысқа деген қарсылықтарын осылай білдіріп жатыр. Ал, ең маңыздысы, дәл қазір Ресейді жаһандық интернеттен ажырату қауіпі тұр. Не үшін деген сұраққа жауап алған боларсыз.

Бұл мәселенің алайда деген жақтары да бар. Айта кету керек, Ресейді жаһандық интернеттен ажырату жаһандық байланыс проблемаларын тудырады. Бұл туралы NTI орталығы директорының орынбасары Руслан Пермяков айтты.

«Жаһандық интернет – бұл үлкен желі. Біз оған он шақты байланыс торабын, соның ішінде батыс және шығыс шекарадағы желілерді пайдалана отырып қосылғанбыз. Басқа елдер де трафикті біз арқылы алады. Оның ішінде Жапония да бар. Демек интернеттің «орыс» бөлігінің жоғалуы жаһандық коммуникацияда қиындық туғызады», — дейді маман.

Ал егер мұндай жағдай бола қалса, ол «өте қысқа уақытқа» ғана созылады екен.

Оның Қазақстанға әсері қандай?

Біле білсеңіз, Қазақстан тек Ресей арқылы емес, одан да басқа әртүрлі тораптар арқылы байланысқа қосыла алады. Бұл жерде түсінуіміз керек бір нәрсе – Қазақстанға интернеттен толығымен ажырау қаупі ешқашан төнбейтіні.

Мысалы, Қытаймен арадағы тораптар бізге Еуропадан алатын трафикті сол көлемде алуға мүмкіндік береді. Тағысын тағы.

Ал IT маманы Нұрбақыт Жұлдызбай бұл сөзімізді фактілер арқылы куаттап отыр.

«Интернет өшіру деген – Ресейді әлемдік интернеттен өшіру. (Контроль Точка обмена трафиком)

Точки обмена трафиком — это крупные узлы, через которые сигнал идет из России за рубеж и обратно. Крупнейшая точка расположена на юге Москвы и принадлежит Ростелекому. Но есть точки и в Петербурге, и в регионах по всей стране. Благодаря тому, что изначально интернет развивался в России децентрализованно, а не под полным контролем государства, часть точек обмена находится в руках частных лиц.

Яғни Ресей өзі біліп интернетті өшіре алмайды. Жеке адамдармен де келісуі керек.

Бұл жағдайдың Қазақстанға ешқандай әсері болмайды. Себебі Қазақстанның интернеті толығымен мемлекеттің қолында екеніне бірнеше рет көзіміз жетті. Мысалы үкімет «Қаңтар оқиғасында» интернетті толығымен өшірді. Бірақ елдің тіршілігі тоқтап қалған жоқ. Ішкі интернет қана (Kaspi.kz, Kolesa.kz, Krisha.kz, tengrisnews сияқты біраз сайттар) жұмыс жасап тұрды. Бұдан шығатын қорытынды – біз Ресейдің интернетіне тәуелді емеспіз», — дейді ол.

Егер Қазақстанда интернет өшсе, әлеуметтік желі арқылы күн көріп отырған блогерлер не істейді?

Әлеуметтік желінің тікелей интернетке тәуелді екенін білесіз. Сол желілерді монетизациялап, яғни ақшаға айналдырып отырған адамдар да көп. Олардың Youtube, Instagram, TikTоk-тан басқа жұмыстары жоқ та шығар, бәлкім?! Оларға интернеттің өшуі қалай әсер етуі мүмкін екенін копирайтер, прогрев эксперті, инфокәсіпкер Ақерке Камалдан сұрап білдік.

«Иә, Ресей мен Украина арасындағы соғыс біздің нарыққа әсер етіп жатыр. Нақты бизнес және digital әлем туралы айтатын болсам. Бүгінгі күні бизнестің кең таралған алаңы – Instagram. Осы желіге қалай әсер етуі мүмкін? Біле білсеңіз, Instagram арқылы сауда-саттық жүріп жатыр, жалпы бизнес жүріп жатыр, эксперттер курстарын сатып жатыр. Блогерлер оны монетизациялап, сол арқылы табыс тауып жатыр.

Менің ойымша, бізге әсер ету тұрғысынан екі сценарий бар. Біріншіден, ресейлік блогерлер мен кәсіпкерлер біздің нарыққа келуі мүмкін. Олар біздің нарыққа келген жағдайда бізде екі жағдай қарастырылған. Бірінші, алға ұмтылу. Екінші, артқа шегіну. Олар нарыққа кірсе, арада аудитория үшін өте үлкен конкуренция басталады. Аудитория – сатылым, сатылым – табыс әкеледі. Аудиторияның назарын бұра алған, ерекше ұсыныс жасай алған, сұранысқа сай мықты УТП (уникальное торговое предложение) бере алған тарап жеңіске жетеді», — дейді ол.

Бұл – интернет өшкен жағдайда, сапалы маманға кез келген уақытта жұмыс табылады деген сөз. Ақерке Камалдың айтуынша, қазақ кәсіпкерлері бұл бәсекені өз пайдаларына шешуі керек.

«Ресейлік эксперттер біздің нарыққа қазір де кіріп үлгерді. Біз конкуренцияны өз пайдамызға шешу үшін не істеуіміз керек? Өнімімізді одан сайын сапалырақ ету, мықты кейстер шығару, өніммен одан әрі жұмыс істеуіміз керек. Одан бөлек маркетингтік қадамдарды ұтымды қолданып та білуіміз маңызды.

Ал енді кері шегінуге келетін болсақ. Нарықта сапасыз курстар, түсініксіз дүниелер кетіп қалуы мүмкін. Бұл жерде біріншісінен – бәсекеге қабілеттілік қасиетін бойға сіңірсек, екіншісінен – сапаға қол жеткіземіз, біркүндік курстар жойылады», — дейді прогрев эксперті.

Сонымен қатар Instagram-ды монетизациялап отырған инфокәсіпкер «интернет өшкен жағдайда не істеу керек?» деген сұраққа да жауап берді. Оның пікірінше, сапа қай кезде де сұранысқа ие болады.

«Не істеу керек дейген сұраққа келсек. Біріншіден, сапаға жұмыс істеу, екіншіден, маркетингтік стратегияларды қазіргі ахуалға байланысты өзгерте алуды меңгеру, үшіншіден, бейімделгіш болу керек.

Мысалы, ол арзан және орташа чектағы курстар шығару, кәсіпкер болса адамның назарын аударатын ерекше өнімдер ұсыну. Барынша ерекшеленуге тырысу маңызды», — дейді ол.

Интернеттің өшуінің қалай алдын алуға болады?

Жоғарыда айтылған пікірлер Қазақстанда интернет өпейді деген жалпы ойды беріп тұр. Бірі – IT тұрғысынан айтса, енді бірі – инфоәлем бойынша сөйлейді. Ресейлік маман да Ресейде интернеттің өшуі жаһандық проблема тудырады деген пікірін айтып өтті. Ал сол «интернеттің өшуін қалай алдын алуға болады?» деген сұраққа Bugin Holding IT компаниясының директоры Айбек Қуатбай жауап берді.

«Интернеттің өшуі бізде болмайды деп ойлаймын. Себебі интернет әлемдік тор болғанымен іштегі серверлер, интернет желілелеріне сырттың әсері болуы мүмкін емес. Ресейге тек сыртқы ресурстар қолжетімсіз болуы мүмкін, бірақ өздерінің ішкі ресурстары өшпейді.

Ал Қазақстанда ондай жағдай болмауы керек. Болған жағдайда да Илон Масктың «Starlink» жобасы көмекке келеді деп ойлаймын.

Starlink — жекеменшік компания, Илон Масктың жобасы. Оның саясатқа қатысы жоқ, ол керісінші осындай кезді пайданалып көп қаржы таба алады. Себебі  ол жеке компания», — деп пікір білдірді ол.

Айта кетейік, «Starlink» — америкалық SpaceX компаниясы жасақтаған Жер шарындағы Интернет жүйесі қамтылмаған немесе нашар қамтылған, не болмаса Интернеті қымбат аймақтары бар орындарға арнайы бағытталған ғаламдық спутниктік шоқжұлдыз жүйесі.

Жоғарыда Ресейдегі интернеттің өшуі Қазақстанға әсер ете ме деген сұраққа бірнеше көзқарас тұрғысынан жауап бердік. Мысалдар да келтірдік. Халыққа уайымдамай-ақ қоюға болатын секілді. Қазақстанның интернеті Ресейге тәуелді емес. Тәуелді болған күннің өзінде Ресейде де интернет өшпейді.

Еске сала кетейік, жаһандық интернет сіз бен біз ойлағандай өзіміз қосып, өзіміз өшіретін үйдегі тоқ емес екен. Елестетіп көріңізші, әр үйдің өз тоғы бар. Оны өзі жаппай өшіріп немесе қоса алады. Басқа үйлерде де дәл солай. Ал кейде бір көшедегі немесе бірнеше көшедегі бүкіл үйде тоқ өшіп қалатыны бар. Бұл кезде барлық үй қосылған тоқ желісі өшеді деген сөз. Кей кезде тіпті, бір ауданда немесе тұтастай қалада тоқ өшіп жатады. Мұндай жағдайда ірі тоқ желісі жұмыстан шығады. Жаһандық интернет те дәл солай. Әр мемлекет ішінен интернетті бұғаттай алады. Алайда басқа мемлекеттің жалғыз өзіне интернетке байланысты санкция жасай алмайды. Бұдан шығатын қорытынды: әлемде тұтастай интернет өшіріледі немесе қосылып тұрады. Бірі өшіп, бірі қосылып тұру деген болмайды. Өйткені жаһандық интернетте әр мемлекеттің өз орны бар.

Ақмарал БЕРЕКЕТ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.