A place where you need to follow for what happening in world cup

Рейд жұмыстары жалғасуда

146

Бүгін Мойынқұм аудандық мониторингтік топ жетекшісі А.Нәметқұлов бастап аудандық полиция қызметкерлері, Мойынқұм аудандық тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы А.Елеуова және топ мүшелері аудан орталығындағы бірнеше сауда орындары (7 дүкен) мен асханаларды (3 асхана) аралап күндізгі рейд шараларын жүргізді. Зерделеу барысында дүкендер және асханалар иелеріне карантин аяқталғанымен санитарлық талаптарды сақтау өз денсаулықтары үшін маңызды екені түсіндірілді. Рейд барысында санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 1 дүкенге хаттама толтырылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.