A place where you need to follow for what happening in world cup

Рүстем Дәулет БАҚ қызметкерлерін құттықтады

146

Бүгін 28 маусым — Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері облыс әкімі Б.Сапарбаевтың видеоконференц байланыс арқылы мерекелік құттықтауын, жүрекжарды лебізін тыңдады. Жиынға аудандық «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» қоғамдық-саяси және «Кәсіпкерлік жаршысы» газеттерінің ұжымы мен «КИИК» ЖШС-нің мамандары қатысты. Аудан әкімі Р.Дәулетте аудандағы ақпарат саласының мамандарына деген құттықтауын жеткізіп, ақпарат саласында талмай еңбек етіп жүрген бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттады. «Ауданымыздың тілшілер қауымы қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқаруда. Сіздер арқылы аудан халқы тың жаңалықтар мен қажетті ақпарат алады. Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашанда құрметке лайық» -деп атап өтіп сый-құрмет көрсетті. Жиын барысында аудандық мәслихат хатшысы Р.Нұрсипатовта тілшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, ауданның ақпарат айдынында белсенді қызмет етіп жүрген бір топ азаматтарға Құрмет және Алғысхаттар табыс етті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.