A place where you need to follow for what happening in world cup

Президент Жолдауы – кемел келешек кепілі

520

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбындағы Жолдауымен танысу бойынша семинарлық сабақ өткізілді.

Аталған іс шараға соттың судьялары мен мемлекеттік қызметкерлері және «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірдегі филиалының директоры Қ.Е.Төлендиевпен БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар сабағы барысында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстағы филиалының директоры Қ.Е.Төлендиев Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы жылға арналған басым мақсаттарын белгіленгендігіне тоқталып, қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылатындығын және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңгеден 60 мың теңгеге көбейетіндігін айтып өтті.

Сот төрағасы Е.М.Дүйсенбаев өз сөзінде Президент қойған тапсырмалар әрқайсысымыздан толық талпынысты талап ететінін, әрбір мемлекеттік қызметші Жолдаудағы мазмұнын толық түсініп, көзделген мақсаттарға бірге жету үшін қолынан келгеннің бәрін жасауы тиіс екенін айтты.

Сабыр БОЛАТ,
Тілші

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.