A place where you need to follow for what happening in world cup

«Отбасылық сот» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

178

Жамбыл облысының кәмелетке толмағанадардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Отбасылық сот» атты тақырыбында Жамбыл облыстық сотының судьясы Г.А.Асылбек, отставкадағы судья, билер кеңесінің мүшесі У.К.Кайманова, Жамбыл облысыәкімдігінің әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы З.М.Тургынова, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы У.С.Сламбекова, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Е.М.Қалмұрзаев, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы С.К.Есеев,Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жатар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы С.К.Беріккожа, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жатар ресурстық орталығы» мекемесінің заңгері Е.Жылқышев, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жатар ресурстық орталығы» мекемесінің писихолог Ж.Төленқұлова, Жамбыл облысы әкімі аппаратының«Қоғамдық келісім»КММ-нің заңгері Д.Амреева, Жамбыл облысының «ШАНС»кәмелете толмағандарды әлеуметтік-психологиялық,құқықтық қолдау орталығы» жеке меншік мекемесінің директоры Н.М.Айдарова, Жамбыл облысының «ШАНС»кәмелете толмағандарды әлеуметтік-психологиялық,құқықтық қолдау орталығы» жеке меншік мекемесінің психологы К.Б.Абиеваныңқатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Жамбыл облыстық сотының судьясы Г.А.Асылбекмедиация — жанжалды шешу кілті, дауларды шешудің балама әдісі, өзара тиімді, бейбіт келісімгеқол жеткізу және жанжал деңгейін төмендету болып табылатындығын атап өтті. Осылайша дауларды сотқа дейін шешуді қамтамасыз етіп, тараптардың уақыты мен қаражатын үнемдеп, сот жұмысын да жеңілдетеді. «Отбасылық сот» пилоттық жобасы кәмелетке толмаған баланың отбасында ата-анасынан тәрбие алуына, отбасылық құндылықтарын нығайтуына және оны сақтауына бағытталған, яғни мемлекеттің бастапқы міндеті жас ұрпаққа қамқорлық жасау болып табылатындығын түсіндіріп өтті.
Соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар санын азайту, отбасылық-неке даулары бойынша тараптарды татуластыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтап өтті.
Ағымдағы жылдың бірінші айынан бастап, «Бастау» жұмыс тобына тараптарды бейбіт жолмен татуластыруға келтіру бойынша сотпен 18 ұйғарым жіберілгендігін, алайда бірде-бір ұйғарым бойынша жұмыс тобы тараптар арасындағы жанжалды бітімге(ымыраға) келтірмегендігін атап өтті.
Сондай-ақ, жыл басынан осы уақытқа дейін сотқа тараптарды татуластыру мүмкін еместігі туралы үш ұйғарымға «Бастау» жұмыс тобынан жауап келіп түсіп, ал қалған сот ұйғарымдары орындалмай қалыс қалуда.
Сот төрағасы ювеналдық сотта қаралып жатқан даулар бойынша (баламен кездесу уақытын белгілеу, баланың тұрғылықты жерін анықтау, алимент мөлшерінің азайту және т.б.) бойынша «Бастау» жұмыс тобы өзінің жұмысын оң көрсетпегенін және балалар туралы даулар бойынша ешкімді татуластыруға әкелмегенін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында татуластыру рәсімдері бойынша бірлесіп жұмыс жасауды және оны жандандыру ұсынылды, өйткені болашақ ұрпақ дауларды бейбіт жолмен шешуді үйренуі тиіс.
Дөңгелек үстел барысында іске қатысушылар тақырып бойынша өзара ұсыныстар мен пікір алмасты.

Арман БОЛАТ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.