A place where you need to follow for what happening in world cup

Облыс орталығында шешімін күткен мәселелер бар

170

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Алдымен «Мыңбұлақ» (9) ықшам ауданындағы №62 көпқабатты тұрғын үйдің жағдайымен танысты.
Өткен жылдың ақпан айында газ жарылып, салдарынан аталған тұрғын үйдегі екінші, үшінші подьездегі 30 пәтер қоныстануға жарамсыз деп танылған.
Ол пәтерлердегі 23 отбасы «Бәйтерек» ықшам ауданындағы №26 үйге қоныстандырылса, 5 отбасы туыстарының үйіне орналасқан. Нысанның бұзылған бөлігін қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, бүгінде толығымен аяқталды. Қазіргі таңда тұрғын үй тұрғындардың қайта қоныстануына дайын.

Бұдан соң Асқар Исабекұлы «Тараз сервис және технология колледжіне» барды. Колледждің 2-ші оқу ғимараты мен шеберханасына күрделі жөндеу жұмыстары қажет етеді десек, қазіргі таңда оның жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып үлгерілген. Өңір басшысы ол бойынша тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, жөндеу жұмыстарын уақыт созбай бастап, құрылысты сапалы жүргізуді жүктеді.
Сондай-ақ, «Қант зауыты» тұрғын алқабындағы «Даңқ» аллеясының жағдайын барлаған облыс басшысы оны толықтай қайта жаңғырту керектігіне көңіл бөлді. Саябақтың алқаптағы халықтың игілігіне арналатынын жеткізіп, жаңғырту жұмыстары дер кезінде әрі сапалы атқарылу керектігін баса айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.