A place where you need to follow for what happening in world cup

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік осал санаттағы талапкерлердің оқу ақысы төленеді

235

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

«Білім алу және түлектердің одан әрі жұмысқа орналасуы үшін жағдай жасаудың маңызы өте зор. Мәселен, жаңа оқу жылында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға 1300-ге жуық грант бөлуді жоспарлап отырмыз. Одан бөлек әлеуметтік көмек бойынша жеке бағдарлама қарастырылған», – деді қала әкімі.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, аталған әлеуметтік көмек жағдайы төмен отбасылардан шыққан талапкерлердің қала университеттерінде білім алуы үшін оқу ақысын төлеу түрінде көрсетіледі.

«Бұл бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау 21 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғасады. Оқу ақысын төлеу түріндегі әлеуметтік көмек жетім балалар, балалар үйінің түлектері, бала күнінен мүгедек, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар және т.б. арасында бөлінетін болады. Білім алу еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіледі: биотехнология, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, геодезия және картография (web-картография), сәулет (BIM-менеджер жобалаушы), мектепке дейінгі оқыту, жерге орналастыру-агроинженерия, инженер, жалпы медицина, педагогика, IT маманы, әлеуметтік жұмыс, жылу энергетикасы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, электр энергетикасы және т.б.», – деді ол.

Қаланың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу түрінде әлеуметтік көмек алу үшін қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласу керек немесе құжаттарды электронды түрде https://egov.kz  веб-порталындағы «электрондық өтініш» бөлімі арқылы тапсыру қажет.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.