A place where you need to follow for what happening in world cup

«Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздарымен кездесті

6 550

Бүгін аудан әкімі Нұржан Календеров «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздарымен кездесті. Тұңғыш Президент қорының бастамасымен «Ел үміті» жол картасы аясында ұйымдастырылған білім додасына өңірімізден 101 оқушы қатысып, 14 оқушы оқ бойы озып шыққан. Аудан әкімі оқушыларды жеңісімен құттықтап диплом мен ноутбуктер табыс етті. — Ауданымыздың оқушылары республика бойынша алдыңғы қатардан көрінуі – біз үшін үлкен мәртебе. Сіздерді осылай тәрбиелеген ата-аналарыңызға, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыңызға алғыс айтамын,-деді аудан әкімі өзінің құттықтау сөзінде. Сондай-ақ, шара барысында ата-аналар да сөз алып үздіктерді құттықтап, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.