A place where you need to follow for what happening in world cup

Мойынқұмда отбасылық кәсіп қарқынды дамуда

7

Мойынқұмда мемлекеттік грант ұтып алып, оған өз кәсібін ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған отбасылар қатары өсіп келеді. Жыл басынан аудан бойынша 111 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Бүгінгі күні жоспарды толық орындалып отыр.
Берлібаева Динара бес бала тәрбиелеп отырған көп балалы ана.Жодасы вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Жолдасының тапқан табысы отбасын асырауға жетімсіз болған соң Динара мемлекеттің өзіне ұсынған мүмкіндігін пайдаланады.Жолдасына көмек қолын созған ана « Бизнес бастау» бағдарламасы мен асханалық курсын, оқып 505 мың грантқа ие болады.Сонымен қатар Мемлекет тарапынан берілген атаулы әлеуметтік көмекте жағдай түзетуге сеп болады.Содан өзіне сенім білдіріп асхана ашуды жоспарлайды және жоспары орындалады. Казіргі таңда аудан орталығанда орналасқан асханада түрлі тағамдарды әзірлеп, келген қонақтарда ризашылықтарын алуда.
— Өзім ана болғанан соң және аспаздықты ұнатқаннан кейін осы кәсіпті ашсам деген мақсат болды. Бір жағынан Жолдасыма көмек болсын деп осы кәсіпті дөңгелетіп отырмын. Барлық жұмыс өз ойымнан шығып жатыр. Ары қарай дамытсақ деген ой да бар.Қазіргі уақытта бір азаматша көмекшім болып жүр және қыздарым көмектесуде, алдағы уақытта тағыда көмекшілер алсам деген ойым бар- дейді көп балалы ана Динара Берлібаева.
Жыл басынан ауданда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының қайтарымсыз грант 111 адамға жаспарланып, бүгінгі күні 111 азаматқа — 61,4 млн.теңге қаржат есепшоттарына аударылып, бұл меженнің 100 пайыз орындалып отыр. Оның ішінде 23- атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы, 11 – көп балалы ана, 51-і 29 дейінгі жас, 2-і мүмкіндігі шектеулі, 25- жұмыссыз және 1 пробация қызметінің есебінде тұрған азамат.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.