A place where you need to follow for what happening in world cup

Меркіде барымтаны кәсіп қылған ұрылар ұсталды

157

Меркі аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан күдікті үш азамат ұсталды.
Тергеу барысында ұсталғандар 26-30 жас аралығындағы Меркі ауданының және Түркістан облысының тұрғындары екендігі, сондай-ақ бірнеше рет жылқы малын ұрлағандығы анықталды.
Олар өткен жылдың 7 желтоқсанында Меркі ауданындағы шаруа қожалықтың мал жайылымынан 5 жылқы малын жасырын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 2 350 000 теңгені құраған. Сонымен қатар, өткен жылдың 14 желтоқсаны күні Меркі ауданының 1976 жылғы тұрғынының 8 бас жылқы малын ұрлаған. Жалпы шығын 2 810 000 теңгені құрайды.
Күдіктілер кінәсін толық мойындап, Меркі аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен (ірі мөлшерде, бірнеше рет, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық ) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарды өз малдарын қараусыз қалдырмауға шақырады. Жоғалған жағдайда полицияға жедел түрде хабар берілуі керектігін ескертеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.