A place where you need to follow for what happening in world cup

Мекеме басшылығына алғысын білдірді

93

Түзеу мекемесінде жазасын өтеп, ақ пен қараны ажыратардай дәрежеге жетіп, қоғамға қайта бейімделіп шыққан азаматтар көп жағдайда қиын сәтте қолдау көрсетіп, тура жолға салған мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне разылығын білдіріп жатады. Осындай жанның бірі – Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп, жуырда ғана шартты түрде мерзімнен бұрын бостандыққа шыққан Виталий Ворончихин.

Мекемеден босатылуына байланысты ақ қағаз бетіне ақжарма тілегін жазып қалдырған ол мекемеде өткен уақыт аралығында моральдік тұрғыда демеу көрсетіп, өзінің жіберген қателіктерін түсінуге, өмірдің мәнін қайта ұғынуға сеп болған барша мекеме ұжымына алғысын жеткізді.

Сондай-ақ, В. Ворончихин жазасын өтеу барысында гемодиализ сырқатынан айығуға жәрдемдескен мекеме дәрігерлеріне ыстық ықыласын білдірді. Бұдан бөлек мекеме басшылығы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан сотталғанға көмек көрсетіп, түзу жолға түсуіне жағдай жасады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.