A place where you need to follow for what happening in world cup

Мақсат айқын, міндет көп

203

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында еліміздің алдағы дамуының нақты бағыттарын көрсетіп берді. Ең бастысы, бұл құжат нақтылықпен дәл дікке ие, еліміздегі барлық мәселесі ауқымды түрде қамтылған.
«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбындағы Жолдауында Президент алдымызға асқаралы міндеттер қойылды. Мақсат – белгілі, бағыт – айқын.
Президент өз Жолдауында елімізге заманға сай, уақыт талабына сəйкес өзгерістер қажет екендігін, оның қай салада қандай бағытта, қалай жүзеге асатынын тəптіштеп айтты. Əсіресе бүгінгі пандемия мен дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа модель қажеттігі байқалды.
Міне, осы айтылған игіліктің бəрі қоғамның барлық саласы сияқты бізге, пробация қызметкерлеріне де тікелей қатысты. Өйткені тыныштық күзетінде жүрген біз де еліміздің қарапайым азаматымыз. Қоғамда заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, əлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті жүзеге аспайды. Сондықтан құқық қорғау жəне сот жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту мəселесі де өзекті. Бір сөзбен айтқанда, азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстары алдағы уақытта жалғастырыла береді.

Асхат ДҮЙСЕНБЕКОВ,
Тараз қалалық №2 Пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.