A place where you need to follow for what happening in world cup

М. Мұсаев Мойынқұмның «Үздік ауылында» болды

163

Биназар ауылдық округі Мойынқұм ауданы орталығының оңтүстік-шығысында 67 км жерде орналасқан. Орталығы — Биназар ауылы.
Мойынқұм ауданына қарасты Биназар ауылдық округінде 1320 халық тұрақтанған. (1320- қазақ) (252 отбасы) Биназар ауылында бір мектеп, бір медпункт, бір ауыл клубы және бір кітапхана жұмыс істейді. Жалпы экономикалық, әлеуметтік – мәдени және этностық ұйысу деңгейі тұрақты. «Үлгілі ауыл» жобасын іске асыру бойынша аудан әкімінің бекітуімен іс-шаралар жоспары жасалынды. Жоспар 2 бөлімнен құралды. Рухани және тәрбиелік мазмұндағы құндылықтарды үлгі ету бойынша 17 шара (оның 9-ы іске асырылды) ұсынылса, ауылдың инфрақұрылымын және әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерін арттыру бағыты бойынша 14 жоба (оның 6 іске асырылды) ұсынылды. Бүгінгі таңға бекітілген жоба бойынша жұмыстар қадағаланып, қарқынды жүргізілуде. Бұл жобаны іске асыруға аудан әкімі М.Мұсаев тікелей ықпал жасау үшін ауыл ақсақалдарымен, аналар кеңесі, мектеп және клуб басшыларымен кездесіп қайтты. Аудан басшысы алдағы жоспарларды талқылап сондай ақ «Елдік елге байланысты» демекші ауыл тұрғындары мен ауыл жастарына рухани тәрбиелік бағыт бағдар көрсетуге оң ықпал жасауларын сұранды. Өз кезегінде ауыл ақсақалдары ауылдың тәртібі, жастары үлгі ететіндей дәрежеде екенін, басқа емес Биназар ауылын таңдап үлгілі етуге ұсынған комиссия мүшелеріне алғыстарын жеткізе отырып, сенімді ақтайтындарын айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.