A place where you need to follow for what happening in world cup

Мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету

508

Ағымдағы жылғы 7 сәуірде облыс прокуроры Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен облыс әкімдігі мен әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдар басшылығының қатысуымен алқа отырысы өтті, онда мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кеңес барысында мүгедектердің әлеуметтік нысандарға қолжетімділігі, арнайы құралдармен уақтылы және толық қамтамасыз етілуі бөлігіндегі проблемалық мәселелер, сондай-ақ жыл сайын мүгедектер санының арту себептері қаралды.

Облыста жыл сайын оңалтылған адамдардың саны жеткіліксіздігі және алғашқы мүгедектікті тіркеу санының өсуі байқалады.

Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және медициналық-әлеуметтік сараптама органдары арасындағы өзара іс-қимылдың әлсіздігі атап өтілді.

Облыс прокуроры уәкілетті органдарға мүгедектерді арнайы құралдармен және санаторий-курорттық емдеумен толық көлемде қамтамасыз етуге тапсырма берді.

Алқа қорытындысы бойынша облыс әкімдігіне мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған өңірлік Бағдарлама әзірлеу ұсынылды.

Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша оларды жою бойынша ұсыныстар әзірленді, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды арттыру ұсынылды.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.