A place where you need to follow for what happening in world cup

Кезектен тыс сессия

242

Кеше депутат А.Жандабаеваның төрағалық етуімен жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпыс тоғызыншы сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Әлихан Балқыбеков қатысты. Ауданның бірқатар депутаттары сессияға «Онлайн» түрде қосылды.

«2020-2022 жылдарға арналған Шу қаласы және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №58-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Р.Әлжанова баяндамасын оқыды.  Бұдан бөлек, аудандық аумақтық сайлау комиссисы төрағасының міндетін атқарушы Е.Оспанова және аудандық мәслихат аппаратының басшысы С.Сасықбаев кейбір мәселелер бойынша тиісті жауаптарын жеткізді.

Көтерілген мәселелер бойынша халық қалаулылары тиісті шешімдерді қабылдады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.