A place where you need to follow for what happening in world cup

Кандидаттар марапатталды

103

Елімізде «Nur Otan» партиясы өткізген партияішілік іріктеу – праймеризі  өз мәресіне жетіп, оның қорытындысы шығарылды.

Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында партия аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Амангелді Нәметқұлов праймеризге қатысқан кандидаттармен кездесу өткізді.

Үгіт-насихаттық кезең ауқымды сипатқа ие болып, үміткерлер шалғай ауылдан бастап әр тұрғынға  сайлауалды бағдарлама жобасы негізінде құралған өздерінің мақсат-міндеттерін түсіндіріп, ауданымыздағы бастауыш партия мүшелерімен 178 кездесу өткізді. Кездесуде 139-дан аса ұсыныс жиналып, олардың басым көпшілігі тұрғын – үй, басқа да коммуналдық шаруашылығына байланысты болды. Қуантарлығы, айтылған ұсыныстардың жартысынан көбі үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларына енгізілген екен.

— Праймеризге қатысушы кандидаттардың 10- ы бастауыш партия ұйымынан ұсынылса,  47-і өзін-өзі ұсыну арқылы тіркелді. Кандидаттардың ішінде ең жасы үлкені 65 жаста, ал ең жас кандидат 23 жасқа толып отыр. Айта кетерлігі, 57 кандидаттың ішінде 1 көпбалалы ана, 1 осал топ азаматтары да праймеризге қатысуға өз өтініштерін білдірді.

Онлайн дауыс беруге аудан орталығында орналасқан №108 дауыс беру учаскесі бойынша «Шипагер», «Мойынқұм», «Тәлімгер», «Орталық» бастауыш партия ұйымдары атсалысса, дауыс беруге 2852 партия мүшесі қатысып, ол барлық партия мүшесінің 94,5 пайызын құрады.

Жамбыл облысында партия мүшелерінің дауыс беруі- облысымыздың басқа өңірлер ішінен 4 – орында болса, облыс аумағындағы аудандар ішінде ауданымыз 3 – орыннан көрінді, – деді праймериз қорытындысын айтқан, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Амангелді Нәметқұлов.

Жиын соңында праймеризге қатысқан кандидаттарға «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың ізгі тілегі жазылған  Алғыс хатын А.Нәметқұлов тапсырды.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Естаев та өз пiкiрiн бiлдiрдi.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.