A place where you need to follow for what happening in world cup

Көкпардан аймақтық іріктеу турнирі өтті

198

Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының атшабар алаңында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің және денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жастар арасында көкпардан аймақтық іріктеу турнирі өтті.

Көкпар ойынын аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы ашып берді. Шараның мақсаты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласы аясында жастар арасында атқа міну мәдениетін дамыту. Сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыра отырып, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Аталған аймақтық турнирге Б.Момышұлы ауылы және Ақсай, Мыңбұлақ, Шақпақ, Қарасаз, Күреңбел, Жетітөбе ауылдық округтерінен құрамалар қатысып қызықты көкпар ойыны өтті. Шарада ҚР көкпар федерациясының спорт шебері Құлажан Тоғайбаев бас төрешілік етсе, тәжірибелі көкпар ойынын жетік меңгерген Самат Әбиір, Нұржігіт Әбдірақов, Асылхан Абдулла көмекші төреші міндеттерін атқарды.

Жалпы ойын нәтижесі бойынша ақтық ойынға Ақсай және Күреңбел ауылдық округі жастарынан құралған құрамалар жолдама алды. Шара соңында турнирге қатысушы жастар 1 наурыз — «Алғыс айту» күніне орай бір-бірін мерекелерімен құттықтап, алғыс айтып тарқасты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.