A place where you need to follow for what happening in world cup

Күндізгі рейд жұмыстары үздіксіз жалғасуда

260

Жамбыл ауданында карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері күндізгі рейд жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда. Аталған топ жүргізетін рейд кезінде дәмханалар, дүкендер, кафелер, және өзге де қоғамдық тамақтану орындары мен жекеменшік нысандар қамтылып отыр. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев бастаған мобильді топ мүшелері Аса, Гродеково, Жалпақтөбе округтеріне табан тіреп, індеттен сақтану режимі қаншалықты деңгейде екендігін бақылап қайтты. Рейд барысында карантин талаптарын ескермей, бетпердесіз көшеде жүру, дүкендерде сауда жасау және санитарлық талап сақтамау фактілері анықталды. Анықталған көріністер бойынша 4 нысан үйлестіру орталығына зерделеуге жіберіліп, 2 азаматқа хаттама толтырылды. Әрбір тұрғынға, кәсіп иесіне аудандағы қалыптасқан ахуал жайы айтылып, вирустың таралуын тежеу бағытында жекелей түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.