A place where you need to follow for what happening in world cup

Кәсіпкерлік саласына 182 миллион теңгеге қолдау жасалды

165

Талас ауданда «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 6 жоба қолға алынған. Жалпы құны 182 миллион 100 мың теңге болатын жобалар бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттарын қамтиды. Мәселен аталмыш бағдарламаның пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағыты бойынша ағымдағы жылдың 6 айында 3 жоба жүзеге асқан. Олардың жалпы құны 98 миллион 600 мың теңгені құраған. Бұл бағыт бойынша бағдарламаның шарапатын «Амира», «Луиза», «Сарсалиев Алтынбек» сынды жеке кәсіпкерлер көрген. «Амира» жеке кәсіпкерлігі медициналық орталыққа құрал-жабдықтар сатып алу үшін 20 миллион теңге несие алуға «Форте Банк» акионерлік қоғамына өтінім беріп, шешім алды. Ал «Луиза» жеке кәсіпкерлігі кәсіпкерлік нысанының құрылысы және жөндеу жұмыстарына 38 миллион 600 мың теңге несие алуға «Форте Банк» акционерлік қоғамы арқылы оң шешімін алды. Жоба аясында тұрақты 2 жұмыс орны ашылатын болады. Сондай-ақ «Сарсалиев Алтынбек» жеке кәсіпкерлігі ойын-сауық орталығы қызметін кеңейту үшін «Қазақстанның Халық банкіне» 40 миллион теңге несие алуға өтініп беріп, оң шешімін алды.
Сондай-ақ екінші деңгейлі банктер арқылы жалпы құны 83 миллион 500 мың тенгеге бағаланған 3 жоба іске асырылып жатыр. Бұл жобалар арқылы жеке кәсіпкерлер мейрамхана ғимаратын жөндеу, азық-түлік дүкенінің айналым қаражатын толықтыру сынды игіліктерге қол жеткізетін болатын. Сондай-ақ қарапайым тұрғындар үшін бірнеше жұмыс орны да құрылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.