A place where you need to follow for what happening in world cup

Елордалықтар ірі құрылыс компаниясын зәулім ғимараттың орнына мектеп салуға мәжбүрледі

63

Нұр-Сұлтан қалалық соты «Хайвилл» тұрғын үй кешенінде тағы бір көпқабатты үй салуға рұқсат бермеді. Көпқабатты үйдің тұрғындары сотта жақын аймақтан мектеп салу құқығын қорғап шыға алды. Бірақ бұл даудың нүктесі біржола қойылды дегенді білдірмейді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Елордадағы «Хайвилл» кешеніндегі пәтер иелерінің айтуынша, 2005 жылы «Highvill Astana H» компаниясы тұрғындарға ішінде 1200 оқушыға арналған мектебі бар «қала ішіндегі қаланы» тұрғызамыз деп, уәделерін үйіп-төккен. Бірақ кейін құрылыс салушы өз ойын өзгертіп, мектеп болуы тиіс жерде 140 пәтерлі жаңа бес блокты тұрғын үй кешенін салуға шешім қабылдайды. Халқы тығыз орналасқан, балаларын қаланың түкпір-түкпіріндегі мектептерге беруге мәжбүр болған аймақтың тұрғындары үшін бұл жаңалық өте оғаш естіліп, халықтың ашу-ызасын туғызған.

Тұрғындардан құралған бастамашыл топ әкімдік пен президент әкімшілігі сияқты түрлі органдарға 200-ден астам шағым жазған. Ақыры талапшыл тұрғындардың арқасында іс сотқа жеткен.

Іс материалдарында 2015 жылғы әкімдіктің қаулысымен бүкіл Хайвилл аумағының шекарасында егжей-тегжейлі жоспарлау жұмыстары бекітілгені, атап айтқанда, кіріктірілген үй-жайлары бар жастар тұрғын-үй кешені құрылысы және автотұрақ бекітілгені айтылған. Жер телімінің иесі «Highvill Astana H» ЖШС құрылысқа барлық рұқсаттарды, соның ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын (АПЗ) алған, алдын ала жобамен келісіліп, тіпті жұмыстың басталғаны туралы хабарлама да бар. Алайда әкімдік 2022 жылғы 27 сәуірдегі жаңа қаулысымен жоспардың жалпы жобасы 2000 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп болып өзгертіледі.

«Highvill Astana H» ЖШС бұл өзгеріспен келіспей, шешімге қарсы сотқа шағым түсірді. Құрылыс салушының айтуынша, әкімдік жоспардың жалпы жобасын өзгерткен, өйткені бас жоспарға сәйкес бұл учаске тұрғын ауданға жатады, сондықтан көп пәтерлі тұрғын үй кешені осында орналасуы керек.

Өз кезегінде тағы бір көпқабатты үй салуға келіспейтін «Хайвилл» тұрғын үй кешенінің тұрғындары да сотқа барлығын жою туралы талап арызбен жүгінген, атап айтсақ: Сәулет-жоспарлау тапсырмасы, құрылыс салушыға көпқабатты үй салуға берілген жоба жобасы және басқа да рұқсат қағаздар. Сотта бұл екі іс бір өндіріске біріктіріліп, нәтижесінде Фемида құрылыс салушының талабын қанағаттандырудан бас тартып, әкімдіктің соңғы шешімін жойды, соған сәйкес жоспардың жалпы жобасы көпқабатты үйден мектеп құрылысына ауыстырылды.

«Сот бұл жер телімінде мектеп болуы керек деген қорытындыға келді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын аудан әлеуметтік-мәдени-ағартушылық мақсаттағы жекелеген объектілермен қамтамасыз етілуге тиіс. Осылайша, әлеуметтік нысан болып табылатын мектептердің тұрғын ауданда орналасуына болады. Ал «Хайвилл» тұрғын үй кешенінің аумағында мектеп жоқ», — деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Қайрат Смағұлов.

Сонымен қатар сот елорданың әкімі Алтай Көлгіновке ден қою шараларын қабылдау және қабылданған ережелер мен заңнаманы одан әрі бұзуға жол бермеу туралы жеке қаулы жолдады.

Алайда, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ, сондықтан құрылыс салушы оған шағымдануға құқылы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.