A place where you need to follow for what happening in world cup

«Елбасы медалі» жобасы басталды

308

Елімізде талантты жастарды қолдауға бағытталған «Елбасы медалі» жобасы басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жастарға арналған «Елбасы Медалі» жобасы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Баспасөз конференциясына білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова, “Білім-Инновация” Халықаралық қоғамдық қорының өкілі, аймақтағы үйлестірушісі Дәулет Сатыбалдиев және Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Қасым Еркін қатысып, жастарды жобаға қатысуға шақырды.

«Елбасы медалі» жобасының мақсаты – еліміздің барлық аймақтарынан дарынды ұл-қыздарды іздеу, олардың бойында жауапкершілік, қайсарлық, мақсатқа жету сынды қасиеттерге тәрбиелеу.

Жобаға қатысушыға өзін-өзі дамыту үшін 7 бағыт ұсынылған. Олар: спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, еріктілік, туристік саяхаттар, кітап оқу, ұлттық мұра және еңбек тәжірибесі. Бағдарлама үш деңгейден тұрады. Олар қола, күміс және алтын. Қола деңгейі 14 жастан, күміс деңгейі 15 жастан, алтын деңгейі 16 жастан.  Әр деңгейде қатысушының жасы бойынша талап орнатылған. Қатысам деушілер me.fpp.kz онлайн платформасында тіркеледі және қалаған деңгейін таңдап, табыстың жеті жебесіне сай келетін тапсырмаларды орындайды.

Ерекше атап өтетін жайт, мүмкіндігі шектеулі жастардың бағдарламаға қатысып, жеке кесте құруына да толық мүмкіндіктер қарастырылған.

“Елбасы медалі” болашақ мектеп түлектері үшін елдегі ЖОО-да білімдерін жалғастыруға бағытталған тың қадам. Медаль иегерлерінің ұпайлары тең болған жағдайда жеңімпаздар білім грантын немесе облыс әкімінің грантын алуға құқылы.

Бағдарламаның негізгі шартының бірі — қатысушылардың жасы 14 пен 29 аралығындағы болуы  қажет. Ал, олар қайда тұрып жатыр, білімі қандай, мамандығы не, бұл жағы маңызды емес. “Елбасы Медалін” мақсатына ұмтылған әрбір қазақстандық жас буын иемдене алады.

“Елбасы Медалі” бағдарламасын дамытуға Жамбыл облысында барлық қажетті шаралар қолға алынды. Бағын сынамаққа ұмтылған 830 жасқа облыс әкімдігі 58 млн. қаржы бөлді. Бүгінде облыс бойынша 600-ге жуық үміткер  бағдарламаға қатысуға өтініш берген. Үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде олардың қатары әлі де артпақ.

Жоба туралы қосымша ақпарат алу үшін 7170 сall-орталығына хабарласуға балады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.