A place where you need to follow for what happening in world cup

Екібастұзға жаңа әкім тағайындалды

262

Аян Бейсекин Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Павлодар облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Аян Бейсекин 1987 жылы дүниеге келген.

Павлодар облысының тумасы Аян Бейсекин өзі туған Ертіс ауданын 2019 жылдан бері басқарған. Оған дейін Павлодар қаласы және Железин ауданы әкімінің орынбасары болды.

2015 жылдан 2017 жылға дейін Бейсекин Алматы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Мегаполиске дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттік жүйесі мен жекеменшік секторда жұмыс істеген.

Аян Бейсекин – Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдап, 2013 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ мемлекеттік әкімгерлік магистрі атағына ие болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.