A place where you need to follow for what happening in world cup

Екі жасар баламен бірдей: Алып мысық желі қолданушыларының таңданысын тудырды

162

Ресейлік Юлия Минина әлеуметтік желіде алып мысығының суретін жариялап, көптің таңданысын тудырды. Мейн-кун тұқымды мысықтың бойы тұрғанда екі жасар баламен бірдей. Бастапқыда желі қолданушылары мысықты итпен шатастырып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме жасап. 

Юлия мысығын «Айран» (Кефир) деп атаған. Мейн-кун тұқымындағы мысықтар өзінің үлкендігімен, қалың үлпілдек жүнімен ерекшеленеді. Сонымен қатар адамдарға бауыр басып, ойнағанды ұнатады.

Мысықтың иесі 2 жасар қызы Аня мен Кефирдің бірге жүрген суреттері мен видеосын жариялаған. Жазба астанда әйел «Бұл екеуінің еш уақытта іштері пыспайды» деп жазды.

Видеодан кішкентай Аняның мысығына тамақ турап жатқанын көруге болады. Ал Айран өз асын асыға күтіп тұр.

Юлия Мининаның сөзінше, қызы теледидар көргенде, мысығы жанында бірге отырады екен. Мұны көрген желі қолданушылары бала мен алып мысықтың арасындағы достықтың берік екенін атап өтті.

«Айранның бойы Анямен бірдей. Екеуін жұп деп атаса да болады», «Мінсіз достық, қандай керемет!» деп жазды желі қолданушылары.

Ал алып мысықты алғаш көргендер таңданысын жасырмады. Бірі мысықты «ит деп ойлағанын» жазса, енді бірі » алып та болса, сүйкімді» деп пікір қалдырған.

Тағы бір желі қолданушысы Юлиядан үйдің ішін мысықтың жүнінен қалай тазартатынын сұрап, қызығушылық танытты. Бұған жауап берген әйел өз кеңестерімен бөлісіп, түскен жүнді тазарту үшін робот шаң сорғыштың тоқтаусыз жұмыс істейтінін атап өтті.

Бұған дейін Юлия мысығына екінші баласындай қарайтынын айтқан. Сөзінше, үлкен де болса, Айран әр уақытта сабырлы екен.

Мейн-кун – Солтүстік Америкадағы байырғы мысық тұқымдарының бірі. Алғаш рет бұл тұқым Мэн штатында пайда болған, қазір ресми мемлекеттік мысық болып саналады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.