A place where you need to follow for what happening in world cup

Домбыра күні аталып өтілді

288

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы аясында Ұлттық домбыра күніне орай аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Домбыра-дастан, домбыра — күй» атты домбырашылар шеруі өткізілді. Іс-шара барысында «Шу еркесі» оркестрінің орындауында ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері «Даңқ», «Парасат», «Достық» ордендердің иегері күйші — композитор Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйімен ашылды.Мерекелік шарада оркестрмен және «Әсем әуен» фольклорлық ансамблінің сүйелдеуімен «Бақтыбайдың әуені», Н. Тілендиевтің » Мұрагер», М. Өзбековтың «Толқиды Шуым» тағы басқа көптеген күйлер мен әндер көрермен назарына ұсынылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.