A place where you need to follow for what happening in world cup

Біздің елде МӘМС таңдалу себебі

125

Медициналық сақтандыру көптеген  елдерде бар. Мысалы, Германияда канцлер Бисмарк басқарған уақыттан бері  бір ғасырдан астам уақыт қолданылуда. Қазіргі уақытта 16 европалық  мемлекетте, сонымен бірге  Түркия мен Жапонияда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі қызмет етуде. Дәл осы елдердің медицинасы қазіргі  уақытта жоғарғы деңгейде және адамдардың  өмір сүру  ұзақтығы да жоғары – 80-85 жасқа дейін.  Сарапшылар, МӘМС-тің  тиімділігі денсаулықты сақтау үшін  мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың өзі де жауапты болатынына негізделеді деп санайды.

Бұл ретте мемлекет өзіне мынадай міндеттемелерді алады:

а) мемлекеттің барлық  азаматтарына медициналық көмектің ең төмен тегін негізгі пакетін ұсыну. Қазақстанда мұндай көмекті  17 млн. адам немесе мемлекеттің барлық тұрғындары алады.

Бұл пакетке  жиі аударуларды ескерту мен  алдын алуға бағытталған  қызметтер, сонымен  бірге шұғыл және жедел араласуды қажет ететін медициналық көмек түрлері кіреді.

б) азаматтардың МӘМС шеңберінде ұсынылатын медициналық көмекті  алуы үшін  экономикалық белсенді емес тұрғындарға медициналық сақтандыру қорына жарналарды жүзеге асыру.

Қазақстанда осы санатқа жатқызылған  азаматтар саны  жалпы халық санынан 50 пайыз немесе 10 млн. адамды құрайды.

Жұмыс  берушілер сонымен бірге өз жұмыскерлерінің денсаулығына  қамқор болуға  тиіс, себебі дені сау және өнімді еңбек  ресурстары – кез-келген кәсіпорынның  табыстылығының кепілі. Сондықтан МӘМС  қолданылатын барлық елдерде  жұмыс  берушілер медициналық  сақтандыру жүйесін еңбекақы  төлеу қорынан 3 пайыздан 15 пайызға дейін мөлшерді құрайтын жарналарды енгізеді. Қазақстан  кәсіпорындарында қазіргі уақытта 5,6 млн-нан астам адам еңбек етеді. Олар үшін МӘМС жарналарын жұмыс берушілер жүргізеді.

Біздің елімізде «Міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру» заңына сәйкес жұмыс берушілердің төлейтін жарнасы 2018-2019 жылдары  1,5%,  ал   2020 жылдан — 2%. Жұмыс істейтін азаматтар,  егер олар нақты бір кәсіпорында жұмыс  істейтін  болса немесе өздерінің жеке ісі болса, өздерінің табыстарынан аударатын болады.

Әлемдік практикада егер азаматтар жалдамалы жұмыскерлер болса, онда олардың  аударым көлемі  еңбекақыдан  1%-дан 8,2 пайызды құрайды, ал егер жеке кәсіпкер болса, онда өзі  көрсеткен кірістен (ең төменгі еңбекақыдан  төмен болмауға тиіс) 7%-дан 15,5-ды құрайды.

Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлер 2 ең төмен жалақы көлемінен — 5%; азаматтық құқықтық сипаттағы шарты бойынша табыс алатын тұлға кіріс есебінен  5%; мемлекет және өзге де төлеушілер   1 ең төменгі жалақы көлемінен – 5% жарна төлейді.

Барлық  аударымдар  мен салымдардың бірыңғай  қорға шоғырландырылуы осы елдерге  қаражатты мақсатқа  сай пайдалануды, ұсынылатын медициналық көмек түрін кеңейтуге  және оның сапасын арттыруға  және ең негізгісі – жарна төлеушілердің  алдында денсаулық сақтау жүйесінің есеп беруін  қамтамасыз етті. Осындай шарттар медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етті және Қазақстанның сол жүйені  таңдауына негіз болды.

МӘМС  жүйесі  Қазақстан  Республикасында  2020 жылдан бастап енгізіледі және Қазақстан Республикасының барлық сақтандырылған  азаматтарының жынысына, жасына, әлеуметтік дәрежесіне, тұрғылықты жеріне  және табысына  қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділікке кепілдік береді.

Аудандық орталық аурухана.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.