A place where you need to follow for what happening in world cup

«Біз біргеміз!» атты жастар акциясы өтті

235

Апта ортасында «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» атты жастар акциясы өтті. Шараға мекеме қызметкерлері, сонымен бірге, аудандық аурухана медбикелері, полиция бөлімінің қызметкерлері, кезекшілікке жауапты мамандар және волонтерлер қатысты.
Шараның мақсатына сәйкес, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі жанынан құрылған «Қамқор» қайырымдылық-волонтерлік клубының ұйымдастыруымен және жас кәсіпкерлердің қолдауымен ауданға қарасты Шақпақ ауылдық округіндегі блок-бекетінде жұмыс жасап жатқан қызметкерлерге волонтерлер түскі астарын әзірлеп берді. Сондай-ақ, жастар Шақпақ санитарлық пунктінде ауданға кіруші көліктерге, жолаушылардың дене қызуын өлшеуге, аурудың алдын алуға арналған шаралар бойынша тексеру жұмыстары қолдау көрсетті.
Волонтер жастар акция барысында тексеруге жауапты мамандарға медициналық маскалар үлестіріп, жергілікті тұрғындарға коронавирустан қорғанудың әдіс-тәсілдері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланатын жерге бармауын, бетпердесіз жүрмеу керектігін, қолды жиі жуу, көкөністер мен жеміс-жидектерді пайданаланар алдында жақсылап жуып, науқас адамның жеке заттарын пайдаланудан аулақ болу керектігін, иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтанып, спортпен айналысып, толыққанды демалу керектігі жайлы айрықша маңызды ақпараттарды жеткізді. Жөтелу, түшкіру кезінде ауызды орамалмен жабу, пайдаланған бетпердені қоқысқа тастау, жалпы жеке бас гигиенасын сақтауға шақырып, таратпа материалдар тапсырып, халық көп шоғырланатын орындарға ақпараттар ілді.
«Біз біргеміз!» акциясында «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Мейіржан Телеушов және волонтер жастар тұрғындарға аурудың алдын алу қажеттігін түсіндіріп, полиция бөлімінің қызметкерлері тазалықты сақтамаған да және індет бойынша жалған ақпарат берген, дер кезінде аурудың алдын алу шараларынан бас тартқан жағдайда азаматтар заң алдында жауапкершілікке тартылатындығы да ескертілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.