A place where you need to follow for what happening in world cup

Біржан Оразов алтын бутсы иегері

230

Футзалдан Еуропа Чемпионатының үздік сұрмергендеріне алтын, күміс және қола бутсы беретін дәстүр бар. 2022 жылғы Нидерландыда өткен Чемпионаттың қорытындысында 7 гол соғып 2 нәтижелі пас берген Біржан Оразов🇰🇿 үздік атанды. Күміс және қола бутсылар ресейлік🇷🇺 Артем Антошкин (5+5) мен Иван Чишкалаға (5+1) тиесілі.

2016 жылы 6 гол соқса да осы бутсы Серік Жаманқұловқа бұйырмап еді. Қарсыластары нәтижелі пасты көбірек беріп өзара бөліп алған бутсыларды. Араға 6 жыл салып ағасына бұйырмаған Birzhan Orazov інісіне бұйырды. Құтты болсын!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.