Футзалдан Еуропа Чемпионатының үздік сұрмергендеріне алтын, күміс және қола бутсы беретін дәстүр бар. 2022 жылғы Нидерландыда өткен Чемпионаттың қорытындысында 7 гол соғып 2 нәтижелі пас берген Біржан Оразов🇰🇿 үздік атанды. Күміс және қола бутсылар ресейлік🇷🇺 Артем Антошкин (5+5) мен Иван Чишкалаға (5+1) тиесілі.
2016 жылы 6 гол соқса да осы бутсы Серік Жаманқұловқа бұйырмап еді. Қарсыластары нәтижелі пасты көбірек беріп өзара бөліп алған бутсыларды. Араға 6 жыл салып ағасына бұйырмаған Birzhan Orazov інісіне бұйырды. Құтты болсын!