A place where you need to follow for what happening in world cup

Бірліктіктер бірліктің бекем үлгісін көрсетті

206

Жаһанды дүрліктірген қауіпті дерт елімізді де айналып өтпеді. Ел басына күн туған қиын сәтте көмек қолын созған жандар аз болған жоқ. Бірлік ауылында Лида Бірімқұлованың ұйымдастыруымен «Туған жерге қызмет» акциясы аясында әлеуметтік желі арқылы топ құрылып, ауыл тұрғындары кезекті рет өздерінің бірлігі мен қайсарлығын, жақынына көмектесуге және қиындықты бірге жеңуге дайын екендіктерін көрсетіп, 1300000 теңге көлемінде қаржы жинаған. Осы қаржыға
3 дана өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ),
2 дана тыныс алу жолдарын емдейтін аппарат,
2 дана пульсаксиметр аппараты,
25 дана төсек жабдықтары,
1 кір машинасы алынып, ауылымыздың ауруханасына табыс етілді. 618 отбасына ауылымыздың ерікті жастарының көмегімен тегін маска таратылды. Көп балалы және көмекке мұқтаж 10 отбасына азық-түлік себеттері табыс етілді. Осындай қайырымдылық іс-шарасының басы-қасында жүрген Л.Бірімқұлова: » Елге қауіп төнген кезде осынау дерттен айығуға дем болатын ауқымды іске атсалысу — әрбір азаматтың парызы. Жақсылыққа жаны құмар ауыл тұрғындарына алғысым шексіз» — деп, алғысын жаудырды. Бірлік ауылының әкімі Көпбаев Қанат Жапарұлы еріктілерге алғыс айтып, жасап жатқан игі істеріне ризашылығын білдірді. Осылай бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып отырған, сындарлы сәтте қол ұшын созған әрбір тұрғынға алғысымыз шексіз» — деп ризашылығын білдірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.