A place where you need to follow for what happening in world cup

Басты мақсат – қоғамға бейімдеу

149

Бүгінгі күні түзеу мекемелерінде аяғын шалыс басып жазасын өтеушілермен жүргізілетін тәрбие жұмысына айрықша назар аударылып отыр. Өйткені адамның түзелу жолына түсуі, қоғамға толыққанды адам ретінде қайтарылуы олармен жүргізілетін осы тәрбие жұмыстарының пәрменділігіне байланысты. Сонымен қатар, сотталғандардың бостандыққа шыққан соң да толыққанды еңбек етіп, әлеуметтік жағдайының оң болуына баса назар аударылып келеді.

Осы орайда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шығуына 1 жыл уақыт қалған азаматтармен кездесу өтті. Басқосуға келген «Феникс» сотталғандарды оңалту орталығы қоғамдық бірлестігінің басшысы Ж. Құрманбекова мен Адам құқықтары жөніндегі бюроның өкілі, Азаптаулардың алдын алудың ұлттық алдын алу тетігінің заңгері  А. Зайнутдинов жазасын өтеушілермен пікірлесіп, ашық әңгіме-дүкен құрды.

Жиын барысында Фархат Файзұлы уақытқа шектеу қоймай, сотталғандардың  барлық арыз-шағым, ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдады. Сонан соң үй-жайсыз қалған сотталғандар бостандыққа шыққан соң аталған орталыққа жүгініп, көмек алуларына болатынын жеткізді. Сонымен қатар, жұмысқа орналасқанша бір реттік мемлекеттік көмектің берілетінін де айтып өтті. Жиын барысында жазасын өтеушілер сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Айта кетейік, «Феникс» сотталғандарды оңалту орталығы 2018 жылы ашылған. Үкіметтік емес мекеме бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік, оның ішінде психологиялық, медициналық көмек көрсетумен бірге жұмыспен қамтуға және білім алуға көмектеседі.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.