A place where you need to follow for what happening in world cup

Басты мақсат – қайта қылмыс жасаудың алдын алу

259

Бүгін өңірлік ҚАЖ департаменті бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың төрағалық етуімен 9 айдың қорытындысы бойынша жиын өтті. Онда облыс бойынша пробация есебінде тұрған азаматтар арасында қайта қылмыс жасаудың алдын алу, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, жұмысқа орналастыру және қоғамдық жұмыстарға тарту мәселелері талқыланды.

Жиынға департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Қанат Жарылғапов, департаменттің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің, Тараз қалалық №1,2,3 және аудандық пробация бөлімдерінің бастықтары қатысты.

Басқосуда департаменттің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы әділет майоры Әділет Ерманов баяндама жасап, есепті кезеңде атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Әділет Әжмәуленұлы өз сөзінде сотталған азаматтарға пробациялық бақылауды күшейту мақсатында барлық шаралар қолға алынғанын атап өтті. Бұдан бөлек, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында, оларды жұмысқа орналастыру, бір жолғы әлеуметтік көмек алуына сондай-ақ мамандық игеруіне қол ұшын созу жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті.

Жиын соңында есепте тұрған азаматтардың тәртібіне мән беріп, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал ету — құқық бұзушылықпен қайта қылмыс жасаудың алдын алуына көп септігін тигізері сөзсіз екендігін жеткізген департамент бастығы Нияз Қанатұлы жауаптыларға жұмысты белсендіруді тапсырды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.