A place where you need to follow for what happening in world cup

Б. Жақсылықов Түркістан ауылдық округінде болды

189

Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов Түркістан ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды. Жұмыс сапары барысында қайта жөндеуден өткізіліп жатқан ардагерлер аллеясының жұмысымен танысты.

Сонымен қатар тірлігі қызу қайнаған Көкжонға барып, «Мұрат» шаруақожалығының егін ору науқанын көрді. Шаруақожалық басшыларымен тілдесіп, ой-пікірлерін тыңдады.

«Мұрат» шаруқожалығындағы жаңа комбайнмен егін орылып жатқанын көріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Ауылдық округ әкімі Жандарбек Әбдіхалықов округте барлығы 13351,7 га егістік барлығын, ауылдың тыныс-тіршілігімен жеткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Аудан басшысы атқарылған және алдағы жоспарларды тыңдап өз ұсыныстарын білдіріп, нақты талаптар қойды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.