A place where you need to follow for what happening in world cup

Аз қамтылған оқушыларға моноблок және ноутбук беріледі

147

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Шынында, аты жаман індет білім беру саласының жұмысына елеулі әсер етіп отыр.

Мойынқұм ауданына Жамбыл облыстық білім басқармасы тарапынан барлығы 200 компьютерлік техника бөлініп отыр. Бүгін ауданға облыс орталығынан 100 ноутбук және 100 моноблок жеткізілді.
Оны аудандық білім бөлімі қызметкерлері және «Мойынқұм адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі күтіп алып, құрал-жабдықтарды жүк көілігінен түсіргеннен бастап, моноблоктар мен ноутбуктардың іске қосылып, қаншалықты сапалы жұмыс істейтініне көз жеткізді. Бұл компьтерлік техникалардың барлығы ауданымыздағы қашықтан оқып жатқан мектептердегі аз қамтылған және көп балалы отбасындағы оқушыларға берілетін болады.
Тағы бір айта кететін мәселе, ауданға жеткізілген компьютерлік техникалардың сапасы, оқушылардың қолына жетуі, сапалы жұмыс істеуі «Мойынқұм адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бақылауында болады.

Нұрболат Тілеухоров,

«Мойынқұм – адалдық алаңы» жетекшісі  

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.