A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауылдағы ақынның алғашқы кітабы

187

Жырсүйер оқырман қауымға жаңа кітап жол тартты.
Күзгі жүдеу жапырақпын,
Дірдектеген жел өтінде.
Бар болғаны топырақпын,
Тағдырға айтар нәлетім не…
Ол аз болса су ғанамын,
Сәті түссе, ағып кетем.
Уақытпенен уланамын,
Жаралмадым нағып бекем»,-деп жырлаған жуалылық ақын Ілияс Ахметовтің «Жанарымдағы жаз» атты жыр-жинағы жарық көрді.
«Жанарымдағы жаз» — автордың алғашқы жыр жинағы. Бүгінде жасы жетпісті алқымдаған ақынның бұған дейін бірде-бір кітабы басылып шықпаған. Алматыдағы «Нұрлы Әлем» баспасынан басылып шыққан жинаққа қаламгердің ертеректе және кейінірек жазылған туындылары топтастырылып отыр.
Өзінің терең ойлы, шұрайлы тілімен ерекшеленетін ақынның отты өлеңдері оқырмандарының жүрек төрінен орын алары сөзсіз. Автордың көңіл-күй, табиғат лирикалары, сондай-ақ, қоғам тапырын тап басқан өзекті тақырыптардағы жырлаы кітап мазмұнын байыта түскен. Кітаптың алғы сөзінде ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Күләш Ахметова Ілиястың шығармашылық әлеуетін жоғары бағалап, «қуатты да, шуақты жырлар» деп ізгі лебізін білдірген. Ал, жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Көсемәлі Сәттібаев «Жұмекендердің жұрнағы» деген теңеумен автордың ерекше болмысын, қара өлеңге деген ақ-адалдығын айрықша атап өтті.
Ендеше, ақжарма ақынның қалың көпшілікке арналған алғашқы жинағы оқырмандарына әдемі әсер, ерекше тынығу сыйлайды деп сенеміз. Авторға шығармашылық табыстар тілейміз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.